31 Қаз 2020
Материал К.Сатпаев

Біз туралы

Мектеп туралы жалпы мінездеме

Атырау қаласы Геолог поселкесіндегі «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы білім беретін «Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мұғалімдердің кәсіптік мәдени, шығармашылық өсуін қамтамасыз ету, педагогикалық қызметтің жаңа мазмұны, технологияларын және тәжірибесіне енгізуге бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді әдістерін меңгерту, пән шеңберінде жаңашылдық қызмет ұйымдастыру, табысты педагогикалық тәжірибені анықтау, насихаттау және мектеп жұмысының.

Қабырғасы 1987 жылы қаланған бұл мектеп – шоқтығы биік білім ордаларының бірі. Жүз  он бес мұғалімі бар педагогикалық ұжымды  Махметова Айганым Шаймардановна басқарады. Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, Қазақстанның гүлденуіне, білім саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген жаңашыл мұғалімдердің қатары жылдан-жылға көбеюде. Білім саласындағы жаңалықтар, жетістіктер мен ұстаздардың озат тәжірибесін бір-бірінен үйренуде, ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде аталған білім ұясында жетістіктер мол.

«Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай, ашық айтатын адамы – мұғалім» деп қаламгер Ғабит Мүсірепов айтпақшы, мектептің тірегі де, жүрегі де – мұғалім. Еліміздегі түбірлі өзгеріс, жаңалық сәулесі мектеп, оқушы, ұстаздар арасында да кеңінен қолдау табуда. Ең басты маңызды мәселе – ұстаздар қауымына шығармашылық жолдың ашылуы.

Міне осыған байланысты қазір жаңа ақпараттық технология құралдарының тәжірибеге кеңінен еніп, әр сабақты түрлендіре жүргізу – бүгінгі сабақ, бүгінгі сапалы оқытудың басты белгілері болып отыр. Бүгінде мектебімізде  арнаулы интерактивтік құралдармен жабдықталған физика, химия, информатика, stem кабинеттері жұмыс істейді.

Мектеп ұжымы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен, Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжімен, Облыстық мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институтымен, Жаңа ақпараттық технология орталығымен, Облыстық және қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

 

Қ.И.Сәтбаев орта мектебінің білім беру жүйесі туралы мәлімет

Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектебінде 2 кезекте 1756 оқушы оқиды

 

Сынып саны-79

1-4 сынып- 35

5-9 сынып- 33

10-11 сынып - 5

МАД сынып- 6

 

Барлық  оқушылар саны: 1756

Ұлы: 885

Қызы: 871

 

Дайындық  тобындағы оқушылар саны:  153

Ұлы: 89

Қызы: 64

 

1-4 сыныптар арасындағы оқушылар саны:  844

Ұлы: 420

Қызы: 424

 

5-9  сыныптар арасындағы оқушылар саны: 809

Ұлы:  420

Қызы:  389

 

10-11  сыныптар арасындағы оқушылар саны: 103

Ұлы:  45

Қызы:  58

 

І-кезекте - 40 сынып саны, оқушы саны- 936

 

ІІ-кезекте – 39 сынып саны, оқушы саны- 978

 

Мектеп алды дайындық сыныбы- 6 сынып саны,оқушы саны-153

 

Аз қамтылған отбасындағы оқушылар саны- 54

 

Жетім оқушылар саны-4

 

Жартылай жетім оқушылар саны- 39

 

Көпбалалы оқушылар саны-561

 

Үйден оқитын оқушылар саны-5

 

Ата-анасы сотталған оқушылар саны- 8

 

Басқа дін түрлеріне еліктеуші оқушылар саны-0

 

Ішкі істер органында есепте тұрған оқушылар саны-0